Image
Алматы қаласының әкімі

Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы

Директорлар кеңесінің төрағасы,
2025 жылғы 17 маусымда сайланған

 

1974 жылғы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтының (1996 ж.) және Қазақ гуманитарлық-заң университетінің (2003 ж.) түлегі.
Мамандығы бойынша — экономист-менеджер, заңгер. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек өтілі:
1996–2000 жылдар аралығында – коммерциялық ұйымдарда бухгалтер және экономист.
2000–2002 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бюджет рәсімдерінің орындалуын бақылау басқармасында жетекші, бас бақылаушы-тексеруші.
2002–2006 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде референт, кеңесші, бас сарапшы, сектор меңгерушісі.
2006–2007 жылдар аралығында – Астана қаласы әкімдігінің «Жылу» ШЖҚ МКК директоры.
2007–2010 жылдар аралығында – Білім және ғылым министрлігінің Бюджет департаменті, Қаржы департаменті директорының орынбасары, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары.
2010–2011 жылдары – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы.
2011–2013 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгеруші орынбасары.
2013–2015 жылдар аралығында – Шымкент қаласының әкімі.
2015–2017 жылдар аралығында – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2018–2019 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
2019–2022 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2022–2025 жылдар аралығында – Түркістан облысының әкімі.
2025 жылғы қаңтардан мамырға дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары.
2025 жылғы мамыр айынан бастап – Алматы қаласының әкімі.